Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларды дамыту орталығы ашылды. Түлкібас ауданында орын тепкен нысан 150 балаға шақталған. 2 қабатты ғимарат заманауи құралмен жабдықталған.

Орталық тірек қимыл аппараты бұзылған және дамуы кешеуілдеген балаларға арналған. Оларға логопед-дефиктолог, арт терапевт, муз терапевт, массаж және педогог-психолог мамандары қызмет көрсетеді. Ал жүріп-тұруы қиын ерекше балаларға трек аппараты қолданылса, аутизммен ауыратын балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Мұнда білікті мамандар балаларды жан-жақты дамыту үшін олардың ата-аналарымен де жұмыс істейді. Сонымен қатар, орталықта ата-ананың қарауынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балдарына басымдық беріледі.Айта кетейік, аталған нысан еліміздегі ұлттық компаниялардың қолдауымен жүзеге асты.