Қаламызда «Жасыл ел» еңбек жасағы жаңа маусымын бастады. Елімізді көгалдандыру мен тазалығын сақтауға,  жұмыссыздық көлемін азайтуға арналған жобаға 1500-ден астам жас қабылдау жоспарлануда.

 Салтанатты шараға қаламыздың 8 оқу орнының студенттері арнайы қатысты.Аталмыш жобаға 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері сондай-ақ, жұмыссыз жастар қатыса алады. Жастар саясатның негізгі басым бағыттарының бірі болып табылатын бұл бағдарламаның ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру. Елдімекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеріп, көркейту. Сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы –жастарды  жұмысқа тарта отырып, жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздықты төмендету дейді мамандар.

Айта кетейік, жоба соңында белсенді жұмыс жасаған 30 жасқа қаржылай сыйақы тарту етілмек.