Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры кезекті 16 маусымының шымылдығын түрді. Мерекелік кеште Садала Ваннустың «Сұлтанның аты-сұлтан» трагикомедиясы көрермен назарына ұсынылды.

Театрдың 16 маусымының ашылуына орай келген қонақтардың қарасы көп. Көзі қарақты көрермен сүйікті әртістерін көруге асық. Қуанышты кешке қала тұрғындары, театрға еңбегі сіңген әртістер сондай-ақ арнайы келген қонақтар қатысты. 2008 жылдан бері жұмысын бастаған аядай театрда бүгінде 88-ден астам адам жұмыс жасауда. Ұзақ уақыт демалыстан соң театр ұжымы көрерменге көптеген қызықты туындыларын назарға ұсынуды жоспарлауда.

Шараға арнайы Садаала Ваннустың  "Сұлтанның аты-сұлтан" трагикомедиясы қойылды. Билік басына кім көрінген келсе,түрлі келеңсіз жағдайлар орын алатыны сондай-ақ біртаңда билеуші болып оянған маскүнемнің қолына тосыннан тиген билікті уысынан шығармауға бекінуі мен сарай төңірегінің сан қилы шытырман оқиғасы  осы қойылымда суреттелді. Бұл трагикомедияны тамашалаған көрерменнің алған әсері ерекше,қойылымда қазіргі заман шындығы суреттелген дейді көрермен.

Жаңа маусымның ашылуын асыға күткен әртістердің бірі Ақсүйрік Абайқызы. Бүгінгі қойылымға ол  ұзақ әрі ерекше ықыласпен дайындалаған.
 Жалпы сатира театрының қыркүйек айының репертуарында драма,комедия, сондай-ақ қызықты ертегілер көрерменге жол тартпақ.