Бүгін ҚР Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалы  жергілікті «Аманат» партиясымен бірлесіп, президент жолдауында жүктелген міндеттерді талқылады. Жиынға қаламы қарымды қауыммен қатар, Ассамблея жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы арнайы қатысты.

Журналист- қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Олар ақпарат айдынында маңызды өзгерістердің ортасында жүреді. Медиасфера- тек ақпарат тарату құралы ғана емес, қоғамдағы ұлттық сананы қалыптастырушы күш.Сондықтан, жолдаау аясындағы ауқымды шараларды талқылау-кезек күттірмейтін шаруа. Жиында сөз алған Аманат партиясының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бірқатар бастамаларға тоқталды.

Кездесуде көтерілген мәселенің бірі- жолдауда айтылған кәсіпкерлік өкілдеріне берілетін түрлі көмек түрлері. Бүгінде отандық өнімдерді қолдау бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Оларды елге таныту, насихаттау жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз байланысты.
 Жиында бірқатар ұсыныс пікірлерін білдірген қатысушылар, алдағы уақытта өзге де БАҚ ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырып, Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіру жұмыстарын жалғастыратын болды.