Павлодар облысындағы Вернинка ауылында не бәрі 24 оқушы қалған. Барлық жерде маман тапшы. Тіпті мектептің полын жуатын адам таппайсың,дейді теріскейлік делегаттар. Ішкі көші-қон мәселелері бойынша өңірімізге арнайы ат басын бұрған Керекуліктер Мақтаарал халқымен жүздесіп, жұртты ертіс бойына көшіп баруға шақырды.

Алтынай Дүйсенбекова Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Вернинка ауылының әкімі.Ертіс өзенінің бойындағы шағын ғана елді мекенде 800 адам тұрады екен. Халық санының жыл санап азайып кетуіне байланысты мектепте 24 оқушы ғана қалған. Ауылда еден жуушыны табудың өзі мұң,дейді әкім.

Ертіс өзенінің бойына орналасқан ауылда жайылымдық жер көп. Табиғаты өте керемет. Қалаға да жақын. Көші-қон бағдарламасы бойынша көшіп барғандарға мемлекеттен жеңілдік көп. Былтыр көшіп барған 6 отбасы мүшелері толықтай жұмысқа орналасып, қосымша шаруашылықпен айналысып жатыр екен. Ал,үйдің бағасы 500 мыңнан басталады ,дейді теріскейлік делегат.

Ал,Ерболат Канкин тіпті павлодарға тиіп тұрған Шахат ауылын басқарады. Ауыл қалаға өте жақын орналасқан. Дегенмен мұнда да халық саны аз. Шаруа қожалықтарға жұмыскер механизатыорлар, білім ұялары мен медицицналық мекемелерге дәрігерлер,пшоташы мен кітапханашы жетіспейді екен. Көшіп барған азаматтарды жұмысқа орналастырып, қажет десе жер береміз, себебі безде үй мен жерге кезек жоқ,дейді әкім.

Мемлекет қоныс аударған жандарға әр адам санына қарай қаржы мен қатар жұмыс орнын тіпті сатып алған баспанасының жарты бөлігін субсидиялап береді. Арзан пайызпен несие де беріледі. Бұның барлығы иық тірескен оңтүстік жұртын солтүстікке көшіру ғана емес, халықтың әл-ауқатын түзеп, жағдайын жақсартуға бағытталған бастама,дейді әкімдіктегілер

Түркістан облысынан биылғы жылдың 8 айында 238 отбасы,яғни  885 адам теріскейге қоныс аударған. Ішкі көші қон мәселесі бойынша 2015-2022 жылдары 11 мыңна астам адам солтүстік аймақтарға қоныс аударыпты.Биыл қазақстан бойынша 7облыс белгіленіп, 6727 квота бөлінген.