Шымкенте аула командалары арасында өткен спорттық жарыс қорытындыланды. Сайысқа 50 ге жуық команда қатысып, кіші футбол, баскетболдан өзара кіл мықтыны анықтады. Бір аптаға жалғасқан жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапатталды.
«Аула клубтары» спорттық жарысында 14-35 жас аралығындағы Шымкент қаласының аудандарынан 50 команда жасақталып, 500 жас өзара бақ сынасқан болатын. Жеңімпадарды марапаттау рәсімі «Ақ арыс» спорт кешенінде өтті. Сала жауаптыларсы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарыста баскетболдан жүлделі 3-ші орынды — «Нұртас» командасына бұйырды. 2-ші орын — «Қабанбай батыр» командасының еншісінде. Ал турнир чемпионы атағын «Тұрлан» командасы жеңіп алды. Футбол бәсекесінде «Қабанбай батыр» командасы үздік үштіктен көрінсе, күміс жүлде «Тұрлан» командасына бұйырды. Ал «Бүркіт» командасы бірінгші орынды жеңіп алды.
Айта өтейік, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.