Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе.  Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде Шымкентте жыл басынан бері 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың адамға жұмыспен қамтудың түрлі бағыттары бойынша қолдау көрсетілді. Осы бағытта  атқарылған шаруалар баспасөз брифингінде баяндалды.
Кәсіпкерлікті дамыту  ұлттық жобасы аясында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биыл 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Қазіргі таңда нақты – 8349 адам қамтылған.



ҚАНДАСТАР ҚАТАРЫ АРТТЫ

Шымкентте жыл басынан 766 отбасы тарихи отанына оралып,  1 мыңнан астам этникалық қазақ "кандас" мәртебесін алды. 6 айға кандас мәртебесін ұзартқандар саны 47 отбасынан 62 адамды құраған. Қандас мәртебесін алған азаматтардың  612-і ер адам және 584 әйел адам. 400-ге жуығы 18 жасқа дейінгі жастар, 93 зейнеткер және қалған 712 адам еңбекке қабілетті азаматтар. Оның ішінде 121 адам жоғары білімді, 328 орта арнайы білімді, 226 азамат жалпы орта білімді.

Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Көрші елден 1166 адам қоныс аударып отыр. Қытайдан –  16 адам, Ресейден –8 азамат, Қырғызстаннан – 1 және Ауғанстаннан  2 адам келген. Тәжікстаннан 1 және Туркиядан 2 адам қоныс аударған.  Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда –саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда. Шымкентте оларға қолдау көрсету мақсатында 2008 жылдан бері "Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" жұмыс істейді.