Интернет-алаяқтар шымкенттіктерге 720 млн теңге шығын келтірген. Олар өздерін “банк қызметкері” немесе “құқық қорғау органдарының өкілі” ретінде таныстырған. Жалған нөмірлермен қоңырау шалып, сіздің есепшотыңыздағы ақшаларды үптеп отырған. Ал, Шымкент полицейлері ана мен баланың өміріне араша болды. Сәбиімен үйде жалғыз қалып қойған ана 102-ге хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына тез жеткен тәртіп сақшылары екі адамды өлімнен аман алып қалды.

Жыл басынан бері қала аумағында 786 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелген. Жергілікті тұрғындарға келтірілген жалпы шығын көлемі – 720 млн теңге. Тәртіп сақшысының айтуынша, интернет-алаяқтар арам ойын іске асыру үшін интернеттің мүмкіндігін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың атын пайдаланып, еліміздегі ірі кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы ақшаңызды көбейтуге шақырады. Алаяқтардың ең жиі қолданатын тағы бір әдісі – тауарлай несиені қолма-қол ақшаға айырбастап беруге сендіреді. Төртіншіден, қазіргі таңда кең тараған интернет-алаяқтық хабарландыру сайттары арқылы, яғни “ОLХ”, “Крыша”, “Колеса.кз” платформаларында жасалады. Онда, түрлі мүліктер сатылымға шығарылып, алаяқтар адамдарды тарту үшін арзан бағада сапалы тауарларды ұсынады. Сондай-ақ, қызығушылық танытқан азаматтарды шешім қабылдауға асықтырып, алдын ала төлем жасауға көндіреді.

ПОЛИЦЕЙЛЕР АНА МЕН БАЛАНЫ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Шымкенттік ана 3 жасар ұлымен газдан уланып қала жаздаған. Бажсы ауырып, әлсіреген ана ұялы телефонымен 102 номеріне хабарласып көмек сұраған. Оқиға орнына патрульдік полицияның арнайы бригадасы жедел жетіп, терезені сындырып, баланы сол жерден шығарып алады. Әрі қарай есікті ашып, анасын да дер кезінде сыртқа алып шыққан. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. Қазір олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қажет болған кезде адамдарға көмектесуге асығу міндетіміз, - дейді полиция қызметкерлері.