Бүгінде біреудің есебінен өмір сүріп, қиындыққа төзбей жеңіл табыс табуға ұмтылу жайты белең алып бара жатқаны жасырын емес. Елімізде әлеуметтік масылдықпен күрес күн өткен сайын маңызын артырып келеді. Себебі, патерналистік көңіл-күйге саяси, әлеуметтік, мәдение факторлар тікелей әсере етеді.

 Елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы мен халықтың нақты кірісінің төмендеуі патерналистік көңіл-күйге тікелей қатысты. Кейінгі кездері қоғамда тәуелділік, әлеуметтік масылдық туралы және олардың алдын алу шаралары жайлы жиі жазылып, талқыланып жатыр. Жастар жағы да «Алма піс, аузыма түс» дейтін масылдық психологиядан арылуға шақырды.

Жеңіл өмірге үйрену отбасылық тәрбиден басталады, кейін ол мінезге ұласады. Сондықтан да бала шақтан болашақты ойлау аса маңызды, - дейді бүгінгі жастар. Олардың айтуынша, масыл болу жас-кәріге қарамайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда осы түсінікте жүріп, жастайынан еңбекке ерте араласып жүргендер баршылық. Соның бірі студент Қайсар білім алумен қатар бос уақытында жұмыс істейді.

Масылдық мінез ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық және тағы басқа қылмыстардың көбеюіне жол ашуы мүмкін. Психологияда сол себепті отбасы дейтін шағын мемлекетте баланы әркез еңбекке баулу қажет. Қаржылық сауатын арттырып, теңгенің тиыннан құралатынын түсіндірген абзал, - делінген.