Жаңа жыл басталысымен қалада иісті газдан уланудың 2 фактісі тіркеліп, 3 адам қаза тапқан. Бұл туралы төтеншеліктер арнайы баспасөз жиынында мәлімдеді. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырған құтқарушылар «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы бойынша есеп берді.
Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде Департамент жеке құрамы қызметің күшейтілген нұсқауына ауыстырылып, 240 адам жеке құрам мен
52 бірлік техника жедел кезекшілікте қызмет атқарды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жаңа жыл мерексін тойлау орындарында және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану барысында өрт оқиғасы орын алған жоқ.
Алайда , 2023 жылдың 31 желтоқсан күні Шымкент қаласы, 112 орам, Жаңғақты көшесі, № 11 үйде өрт орын алып, салдарынан 1970 жылы туылған азаматша Зайцева А.В. қайтыс болды. Алдын ала шешім бойынша қайтыс болудың шешімі: отты абайсызда пайдалану. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Күн суытқан кезде тек өрт емес, кей кездері адамның өліміне әкеліп соғатын иісті газдан улану жағдайларының саны өседі. Мәселен жаңа 2024 жыл басталғалы бері қауіпсіздік шараларын сақтаумыдың нәтижесінде газдан уланудың 2 жағдайы тіркеліп, 3 адам көз жұмған. Қайғылы оқиға орын алмас үшін тұрмыстық газ құрылғыларын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды, -дейді мамандар.