Талдқорған қаласында қазақ күресінен жасөспірім ұлдар, қыздар және кіші жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Шымкенттік балуандар 5 бірдей алтынды олжалап, жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға тұрақтады. Жарыс жеңімпаздарын теміржол вокзалынан барша туған туыстары, бапкерлер мен күрес федерациясының өкілдері қарсы алып, құттықтады. Тілші әңгімесінде толығырақ.
 Ел біріншілігіне 20 өңірден 1600-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады. Боз кілемде белдескен балуандардың арасынан жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмей 5 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен командалық есепте алға шықты. Спортшыларды жерлестері ыстық ықыласпен қарсы алды.
 55 келі салмақта белдесіп, чемпион атанған Бектөре Құрманәлі жарыстың оңай болмағанын айтады. Жартылай финалда Қарағандылық балуанмен күресіп, қосымша уақытта жеңген. Қиын қарсылатар жолыққанына қарамай спортышы мақсатына жетті.
Құраманың аға жаттықтырушысы Олжас Кенеханов қазақ күресі жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша ел біріншілігінде жан жақтан жиналған мықты балуандар белдесті. Десе де Шымкент құрамасы мегаполис атанғалы, алғаш рет командалық есепте осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізі. Демалуға уақыт жоқ, ертеңнен бастап жаттығуға кірісеміз, -деді бапкер.
Айта кетейік, ҚР чемпионатында топ жарып, жүлделі орынға қол жеткізгендер Әлем және Азия чемпионаттарына қатысуға жолдама алды.