Тоғызқұмалақтан Түркістанда жастар мен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды. Облыстық біріншілікте 100-ден астам спортшы үздіктерді анықтайды.
Тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Осындай ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында рухани шаһарда тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі жалауын түрді. Сайысқа өңірімізден 8 ауданнан және екі облыстық мектептен 100-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерін анықтамақ. Мақсаты айқын тоғызқұмалақшылар жарысы жайында облыстың аға жаттықтырушысы Камила Көпбаева жан-жақты айтып, маңыздылығын саралап берді.
 Аталған жарыста 14 жаспен 21 жас аралығындағы тоғызқұмалақшылар классика, рапид және блиц түрінен сынға түсуде. Апта бойы жалғасатын жарыстың жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады. Елшілік додада облыс мақтаныштары қыздар арасында Ақбота Намаз, Ақерке Құдайбергендерге мол сенім артылса, ұлдар арасында Ерасыл Сайлаубек, Зауытбек Лестерге артылған жүк ауыр. Сондықтанда шеберліктерін одан әрі шыңдау мақсатында өтіп жатқан облыс біріншілігінің маңызы ерекше.
 Айта кетейік, ел чемпионаты наурыздың 21-30 аралығында Өскемен қаласында өтеді деп күтілуде. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!