Қазақстанда вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынғанын белгілі. Жыл басында Парламент мәжілісі кейбір заңнамалық актіге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгеріс енгізілген заң жобасын қабылдаған еді.  Одан бері не өзгерді? Шымкенттік мамандар электронды сигареттердің зияны туралы айтудан жалыққан емес.

Елімізде Мәжіліс депутаттары үш жыл бойы қызу талқылаған вейпке тыйым салу мәселесіне нүкте қойды. Темекі өнімдерін тұтынуды шектеу нормалары қарастырылған Заң жобасын дайындады. Оған сәйкес енді Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.

Вейпте 31 қауіпті зат бар анықталған. Бұл құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Сұйықтықтың құрамында адам денсаулығы үшін аса қауіпті глицерин, пропиленгликоль, хош иісті қоспалар мен никотин бар. Ал бұл зат әсіресе жасөспірімдердің физикалық дамуы мен психологиясына кесірін тигізеді, - дейді дәрігерлер.

Вейп темекі сияқты емес, одан хош иіс шығады. Сондықтан да ата-ана баласының оны шеккенін біршама уақыттан кейін сезбеуі мүмкін.  Десе де өте қауіпті хош иістің салдарынан болатын әрекеттер арқылы анықтауға мүмкіндік бар дейді. Ол – жасөспірім бала бойындағы ерекше мінез-құлық.

Жастар арасында вейп шегетіндердің саны күн сайын артып барады.  Әсіресе оқушылар мини-кальяндарға қатты қызығушылық танытып жатқаны анық дейді, - қоғам белсендісі. Оның айтуынша, тек вейпке емес, бала болашағына зиян басқа да заттарға шектеу болуы керек екен.

Ал ұстаздардың ата-аналарға айтары бар. Болашағы баласына назар аударуды әсте естен шығармаса дейді. Жасөспірім әсіресе отбасында болмаған  назарды сырттан іздеп, өзін дәлелдегісі келгеннен жат әдеттерге баруы мүмкін екенін айтады.  

Қазақстанда кейінгі жылдары бейресми ақпарат бойынша вейптердің таралуы 200 есе өскен. Жаңа нормаға сәйкес, оның заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Дәлірек айтқанда, вейпті сатқаны үшін ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу; әкеліп, таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде жасалған, бiрнеше рет жасалған әрекет үшiн – 5 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.