Қажымұхан атындағы орталық стадионда баскетболдан 3х3 жүйесі бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 500 –ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Жастар мен жасөспірімдер арасында шағын баскетбол спорты дүниежүзінде қарқынды дамып келеді. 110-ға тарта команда мүшелері бес жас ерекшелігігі бойынша жүлдегерлерді анықтайды. Шымкент қаласы мен Астана, Алматы қаласының баскетбол шеберлеріне Түркістан облысының Төлеби, Сайрам ауданынан келген жастар қарсылық танытуы мүмкін. Қазірге Камал Ешметов басшылық ететін алаң иелері барлық жас ерекшілігі бойынша бас жүлдені жеңіп алуды мақсат етіп отыр.  Оған командалардың дайындығы толық жетеді  дейді  бапкерлер. Апта  бойына  созылатын  жарыстың  ашулуы  кезінде  қалалық  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының бөлім  басшысы Мақсат  Орынбаев мегаполиске  келіп  бағын  сынып  жатқан  жас  спортшыларға  сәттілік  тіледі. Шаршы  алаңға  шыққан  шымкенттіктер  өздерінің  мықтылықтарын көрсетіп,  іріктеу  сайысында  жеңіске  жетіп  ақтық  сынға  жолдама  алды. Мықты  командалардың  қатарында Серік  Кәрибев  жетекшілік  ететін Шымкент  қаласындағы №18  балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған  спорт  мектебінің  шәкірттері  бас  жүлдеден  үмітті.  Жас  баскетболшылар  арасында  аса  тартысты  жалғасып  жатқан  бұл сайыс апта  соңында  аяқталады.