Оқушыларға сабақ кезінде смартфон пайдалануға тыйым салынды. Президент заңға қол қойды. Сонымен бірге шетелдіктерге ЖСН берудің жаңа ережесі енгізілді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Оқушыларға сабақ кезінде смартфон пайдалануға тыйым салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру. Смартфон пайдаланбау туралы ереже сабақ кезіндегі шектеулерге ғана қатысты. Оқушы мектепке ұялы телефон алып баруына болады.

ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖСН БЕРУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Шетелдіктерге ЖСН берудің жаңа ережесі енгізілді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді. 24 ақпаннан бастап жеке сәйкестендіру нөмірін тек жеке өтініш арқылы ғана алуға болады. Бұған дейін ЖСН үш тәсілмен берілген: сенім білдірілген адамдар арқылы; Қазақстан Республикасының елшілігінде; Қазақстанның тіркеуші органына өзі бару арқылы. Енді алғашқы екі элемент қолжетімді емес.