Шымкентте «Қызмет» салалық кәсіподағының көшпелі мәжілісі болып жатыр. Жиында қоғамдық бірлестіктің өткен жылда атқарған жұмыстары екшеліп, алдағы күнде атқарылар шаруалар жоспарланды.

 «Қызмет» салалық кәсіподағы -  елдегі ең ірі ұйымның бірі. Қазір Қазақстанда осы қоғамдық бірлестікке мүше азаматтардың саны 96 мыңнан асып жығылады. Көшпелі мәжілістің миллионды шаһар Шымкентте өтуінің де өзіндік сыры бар. Төраға Мирболат Жақыпов мұны қалада кәсіподақ жұмысының дұрыс жолға қойылғанымен түсіндірді.

Жиында өзекті мәселелер талқыланды. Қызметкерлердің еңбек демалысына ыңғайлы жағдай жасау, оларды әлеуметтік жағынан қолдау жұмысы күн тәртібінен түскен емес. Ғимарат тапшылғы. Жұмыс офистарының таршылығы да еңбек процессіне кедергі. Ал, жаңа бастауыш  кәсіподақ ұйымдарын құрудан үшніш мегаполис көш бастап тұр.

Былтыр жыл соңына қарай филиал құрамына 600-ден астам мүшесіу бар 10 бастауыш кәсіподақ ұйымы кірді. Олармен бірлескен келісім шарт жасалды. 2020 жылдан бері қарай қаржы аудару жағынан өсу динамикасы байқалады. Осының есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру көзделген. Көшпелі кеңейтілген отырыста бұдан өзге 6 түрлі мәселе қаралып, қаулы қабылданды.