Сонымен бірге сағат ауысуына байланысты намаз уақыты да өзгеретін болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы намаз уақытына қатысты мәлімдеме жасады.

"29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автомат түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. ", - делінген хабарламада. Ал жұма намазына қатысты мәлімет те өзгерді. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жұма намазы 13:20-да оқылады