«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының бастауыш партия мүшелері мәжіліс өткізді. Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар – сайлауалды бағдарламаның орындалу деңгейі мен бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары.

Мәжілісті Партиялық бақылау комиссия төрағасы Ғани Ташқараев жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Еңбекші ауданы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы баяндама жасады.

Жиын әлқиссасы туралы дерек-дәйектер белгілі болған соң, партия мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Басты мақсат – халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Сондықтан, ел ішіндегі елеулі проблемалар назардан тыс қалмауы тиіс, деп атап өтті атқарушы хатшысының орынбасары.  Сондай-ақ, мәжілісте «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева сөз алып, атқарған жұмыстарды бағамдады.

Жиын соңында бастауыш партия ұйымының мүшелеріне АЛҒЫС ХАТтар табыс етілді.  Ұйым  қатарына 3 азамат қосылып, оларға партиялық билеттер тапсырылды.