«Денсаулық-өмір негізі». Көрме орталығында осындай атаумен  жәрмеңке өтті. Онда  жанға дауа, дертке шипа іздеген жандар үшін табиғи емдік қасиеті мол өнімдер қойылып, шипажайлар мен медициналық орталықтар өз қызметін ұсынды. Сондай-ақ келушілер отандық косметикалық өнімдермен де танысты. Көрме-жәрмеңкеге әріптесім қатысып қайтқан еді. Ерекшелігін өзі айтсын.

«Денсаулық-өмір негізі» көрме жәрмеңкесіне қаладағы медицина орталықтар мен емдік табиғи өнім өндіруші компаниялар қатысты. Олар адам ағзасын жақсартуға арналған  медициналық құрылғылар мен өнімдерді келушілерге кеңінен таныстырды. Кәсіпкерлер мұндай іс-шараның пайдасы көп дейді. Айтуларынша тұтынушы санының артуына үлкен мүмкіндік береді екен.

Мари Ладыка, көрме-жәрмеңкеге қатысушы
- Біздің өнімнің ерекшелігі ондағы барлық қоспалар елімізде өсіп-өнеді. Адам ағзасына пайдалы әсел мен түрлі емдік шөптің қосындысынан жасалған. Көрме – жәрмеңкеге біз жылда қатысамыз. Көпшілікке таныстару арқылы тауарымыз танымал болып жатыр. Сатып алушылар қатары да артып келеді. Ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік беріп отырғандары үшін алғысымыз шексіз. Бұл өзімізді танытуға, өңірімізде емдік, шипалы өнім бар екенін жария етуге көп мүмкіндік беріп отыр.    

Салауаты өмір салтын негіздейтін көрме-жәрмеңке 7-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Мұнда жергілікті тауар өндірушілер мен медициналық орталықтардан өзге Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарынан да қатысушылар бар. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат- жергілікті кәсіпкерлердің жұмысын халыққа насихаттау.

 Айта өтейік, мұнда келушілер үшін аранайы ұтыс ойыны ойнатылады. Көрме-жәрмеңкеге  29 ақпан 18:00 дейін бара аласыз.