Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын алаяқтық қылмысы бойынша сотты болған 39 жастағы ер адамды ұстады. Сондай-ақ,  Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Келес ауданының полицейлерімен бірлесіп, мал ұрлығымен айналысатын адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды.

Белгілі болғандай, күдікті жер телімі бойынша тұрғындарға өзін нотариус қызметкері ретінде таныстырып, алдаған. Жәбірленушілерден қызметі үшін алдын ала ақша алған.  Сондай-ақ тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған нотариустың дәл осыған ұқсас 4 жайтқа қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге 1 миллион теңге шығын келтірген.  Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ПОЛИЦИЯ МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ 3 ФАКТІСІНЕ ҚАТЫСЫ БАР МАЛ ҰРЛАУШЫЛАР ТОБЫН ҰСТАДЫ

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Келес ауданының полицейлерімен бірлесіп, мал ұрлығымен айналысатын адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды.Мәселен, жедел уәкілдер Түркістан облысының мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар 4 күдіктіні ұстады. Шығын сомасы 1 миллион теңгеден астам.

Күдіктілер "жеңіл жолмен пайда табу" мақсатында Келес ауданы тұрғынының ауласында орналасқан қорадан 2 бас ірі қара малды ұрлағаны анықталды. Ал ұрланған малды Ордабасы ауданындағы сатып алушыға сатқан.Тінту барысында жедел қызметкерлер ұрланған мүліктің бір бөлігін және "Газель" маркалы автокөлікті тәркіледі. Ұрланған мал заңды иелеріне қайтарылды.Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Топ мүшелерінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.Естеріңізге сала кетейік, мал ұрлаушылар тобы Түркістан облысының аумағында өткізілген "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды.