Түркістан облысы Түлкібас ауданы Азаттық ауылында  волейболдан 2010-2011 жылы туылған жасөспіпім ұлдар арасында облыс чемпионаты басталды. Біріншілікке облыстык аудан, қалаларынан іріктелген волейболшылар жиналып, бақ сынауда.

Тартысты волейбол бәсекесіне өңірдің аудан, қалаларынан 13 команда, 150 спортшы келген. 2006-2007 жылы туылған спортшылар арасында өткен жарыста барлық команда өздерінің мықты дайындықтарымен келгендерін көрсетіп, шаршы алаңда тартысты ойындар өткізіп жатыр. Қазіргі таңда Түркістан облысында жасөспірімдер арасында волейбол спортының  дамуы жолға қойылған. Әр өңірде волейбол спортына қызығушылық танытып жатқандардың қарасы қалың. Бұған дейін осы жас аралығындағы жеткіншектер екі дүркін ел чемпионы атанып, өңір мерейін асқақтатқаны тағы бар.

Толағай жетістікке жетіп жатқан спорт түрін облыста одан әрі дамыту күн тәртібінен түскен емес. Ауыл жастары арасында да волейбол спортын кеңінен насихаттап, спортқа баулу мақсатында ұдайы жарыстар өтіп тұрады. Волейболдан облыстың аға жаттықтырушысы Иса Раймханов облыс біріншілінің мақсаты мен алдағы жоспары туралы айтып берді.

 Біріншілікте әр командадан шеберлігімен көзге түстен ойыншылар іріктеліп, облыс құрамасына шақыртылып, ел чемпионатына қатысады. Елшілік дода наурыз айының 20-27 күндері Талдықорған қаласында өтеді деп жоспарланған. Әуе доп додасы екі күн бойы жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар және дипломдармен марапатталады.