Ауыз су Абай ауданында өзекті мәселенің бірі болатын. Осы олқылықтың орнын толтыру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліпті.  2022 жылы 3 елді мекен Нұршуақ, Ынтымақ-2 және Батыс шағын аудандары сапалы тіршілік нәрімен қамтылған.  Нәтижесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 96,3 пайызды құраған. Аймақта тағы қандай шаруалар атқарылды. Бұл жайында Бұхарбай     Парманов БАҚ өкілдеріне баяндады. 

2023 жылы аудан аумағындағы ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып қамту көрсеткіші 100 пайызды құрапты. Электр жарығымен қамтылмаған елді мекендерді толық сапалы электр жарығымен қамту бойынша 2022 жылы 3 елді мекенде электр желсінің құрылысының жұмыстары жүргізілген. Нұршуақ, Жаңаталап және Батыс шағын ауданында. Нәтижесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайызды құрады. Табиғи газбен қамту жұмыстары да тиянақты.

Аудан аумағындағы 1080 шақырымды құрайтын 1274 көше бар. Асфальт жолмен 48,5 пайызы тас жолмен 26 пайызы қамтылған. 57 шақырым көше топырақ жол. Осы мәселені шешу басты жоспарда.

Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй,  205 көп қабатты тұрғын үй бар. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар.  Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткішін жақсарту мақсатында жүйелі жоспар түзілген. Нәтижесі де жыл санап жақсарып келеді.