Бүгін түнде сағатыңызды ауыстырыңыз. Елімізде 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні біріңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Шымкенттіктер бұл өзгеріске не дейді? Коммуникация мен бизнес-процесстерді үйлестіруде қандай пайдасы бар? Дәрігерлер биологиялық ырғаққа қатысты не айтты? Жаңа уақытқа қалай бейімделу керек?

Күнту Арынбек, журналист

- Бүгін түнде сағат ауысады. Еліміздің батыс аймағы мен Қызылорда облысынан өзге өңірлердің барлығында түнгі 00-де сағат 1 сағат артқа жылжиды. Осылайша, Қазақстан жаппай  UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді. Бұл ұсынысты арнайы топ қарап, шешім қабылдаған.

Жұмыс тобының құрамына кіретін ғалымдар UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейтінін растапты. Ағзаның биологиялық сағаттарын сақтау үшін бүкіл ел бойынша UTC+5 бірыңғай уақытына көшуді ұсынған. Ал бұл тұжырымға шымкенттіктердің пікірі екіге бөлінді.  

 Дәрігерлер уақыттың табиғи өтуінен озып кету созылмалы шаршау мен аурулардың пайда болуына ықпал етеді. Десинхроноз, яғни биологиялық ырғақтардың сәйкес келмеуі ұзақ мерзімді шаршаудың, депрессияның, ұйқысыздықтың және өнімділіктің төмендеуінің бір себебі дейді. Жаңа уақыт белдеуіне бейімделу алғашында қиындық тудырады, алайды уақыт өте келе бәрі қалыпты нормаға айналатынын айтты.

Жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік және басқа аурулардың даму қаупінің бір факторы осы биологиялық ырғаққа сай ұйықтамаумен байланысты. Циркадиялық стрестерге қарсы тұру өте қиын. Сондықтан бүкіл республика халқының табиғи ырғағын синхронизациялау маңызды, – деді ол.

 Бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу денсаулыққа оң әсер етумен қатар, өңірлер арасындағы уақытша кедергілерді жоятыны хабарланды. Сондай-ақ, коммуникациялар мен бизнес-процестерді үйлестіруді жақсартады, экономиканың дамуына және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына ықпал етеді.

Жұмыс тобының зерттеуі халықаралық тәжірибені талдауды да қамтыды. Әлемдегі 175 ел қазірдің өзінде бірыңғай уақыт белдеуін пайдаланады. Сарапшылар бұл осы бастаманың өзектілігін көрсететінін айтты.

Күнту Арынбек, журналист
- Уақыт белдеуінің біріңғай жүйеге көшуінен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» қызметінде ақау болуы мүмкін. Яғни егов.кз порталында 1 наурыз түнгі сағат 2:00-ге дейін кейбір қызмет қолжетімсіз болады. Сонымен бірге Көлік министрлігі де мәлімдеме жасады. Рейстердің кестесіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда әуе компаниялардың Колл орталығынан, Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірінен алуға болады. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында намыз уақыты да өзгерді, енді жұма намазының уақыты 13:30-да оқылады.