Шағын бизнестен еңбек инспекциясына шағым көп. Бұл туралы басқарма басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеп отыр. Айтуынша, қазір еңбек адамының құқығы басты назарда. Өндірістегі қауіпсіздік, айлық жалақының кешікпеуі, азаймауы секілді мәселелер оң шешімін тауып жатыр.

 Шағын бизнесте заңгер мен кадр бөлімінің мамандары жоқ деуге келеді. Сондықтан, мұндағы заңбұзушылықтар жөніндегі арыз мемлекеттік еңбек инспекциясына келіп түседі. Әсіресе, қазір көбейе бастаған. Себебі, кәсіпкерлік нысандарын тексеруге арналған мараторий биыл аяқталды.

Еңбек инспекциясына келіп түсетін шағымның басым бөлігі, яғни 80 пайызға жуығы жалақының уақытылы төленбеуі болып отыр. Сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан сыйақы, өтемақы, еңбекке жарамсыздығы бойынша төлемді де кешіктірген немесе мүлде құймаған әрекеттер бар. Ал жұмыскерлерді заңсыз қысқарту жайттары азайған көрінеді.

Өндіріске жұмысқа барған адамға тәуекелдердің бәрі түсіндірілуі керек дейді мамандар. Еңбек қауіпсіздігін арнайы оқуға тиісті қызметкерлер болады. Бұл талаптардың бәрі ұдайы сақтала бермейді. Енді инспекция кешенді тексеру кезінде ережелердің ескерілуін анықтап, қадағалай алады.