Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстырудың нәтижесінде еңбек ресурстары оңтайланған. Бұл ретте, салық төлеушілердің уақыты мен қаржылық шығындары үнемделіп отыр. Сондай – ақ, кірістер органдары қызметкерлерімен тікелей байланыс болмаған соң, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де азайған.

Мемлекеттік кірістер органдарында 42 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, 25-і салық қызметі болса, 17-і кедендік қызметтер. Бүгінде мемлекеттік қызметтің 38 түрі электронды түрде жүзеге асырылады. Цифрландырылған қызметтерді салық төлеушінің кабинеті, «электронды үкімет» порталы, Е – лицензиялау, Е – Salyq Bizness, Е Салық азамат, мобильді қосымшалары арқылы алуға болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын қолдануға да болады.