Түркістан облысында сексеуіл алқабы ұлғайып келеді.Қызылқұм қорықшылары 3000 гектар жерге 3 миллион дана сексеуіл көшетін отырғызып жатыр. Орманшылар бес жылда ысылдаған қызылдың құмына 41 миллион түп  сексеуіл көшеттеп, бірнеше миллион дана тұқым сеппек.Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты 1 миллион гектар алқаптың орманмен көмкерілген жер көлемі 700 мың гектарға жетпек.Табиғат жанашырлары осылайша Президент жолдауында айтылған жасыл желек аумағын арттыру мақсатында құмды көшкіннен сақтап қалатын сексеуілді сеппе және екпе жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Қанат Жүнісбек, тілші

- Қызылдың құмын көштен сақтайтын сексеуіл көшетін егу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қорықшылар жергілікті тұқымбақта әзірленген 3 миллион түп көшетті екі мың гектар жерге отырғызбақ.

Президент жолдауында айтылған жасыл желек аумағын арттыру мақсатында отырарлық орманшылар бес жылдық жоспар жасапты. Кешенді шара аясында  6910 гектар алқапқа көшет отырғызу, 26150 гектарға сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргілімек. Сексеуіл тұқымын себу және көшет егу бойынша 5 жылға межелеген  33 мың гектардың басым бөлігі орындалып қойыпты.

ДӘУЛЕТХАН БИМАХАНҰЛЫ, ҚАРАТАУ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйегіндегі халыққа жолдауындағы орман қоры жерлерінде 2 миллиард ағаш отырғызу іс шарасы аясында мекемеде 2021-2025 жылдар аралығында 33410 гектар жерге, 41 миллион түп сексеуіл көшеттерін орман қоры жеріне отырғызу жоспарланған.

Қылықұм алқабында сақылдаған су жаңа он техника жұмыс істеп жатыр. Сәкен Білтебаев 40 жыл темір тұлпар тізгіндеп келеді екен. Үздік механизаторы күндігіне шамамен 60-70 шақырымдай жерге көшет егеді. Басты мақсат техника қауіпсіздігі. Өйткені көшеттеу кезінде арнайы соқада көшет егіп екі орманшы отырады.Сондықтан сақтық шарасы бірінші орында.Техника жаңа болған соң жұмысымыз да өнімді,дейді.

Лесбек Бекбосын 30 жылға жуық орманшы болып еңбек етеді.Тәжірибелі қорықшы жазы мый қайнатар аптапты ыстық пен қысы қатал қызыл құмның қыр-сырын жақсы біледі. Бар ғұмырын табиғатқа арнаған қорықшы өркештеліп өрілген әрбір жалдың жықпылына қанық.Сексеуіл көшетін егу науырыз-сәуір айлары өте қолайлы уақыт.Өйткені жауын-шашын жауып,жерде ылғал мол болады. Өздігінен өсіп жетілуі баяу жүретін сексеуілді көшеттеп егу дәне себуге қарағанда әлде қайда тиімді.Өйткені тұқымбақта өсірілген көшеттер жергілікті жерге бейім, әрі төзімді келеді, дейді байырғы қорықшы.


ЛЕСБЕК БЕКБОСЫНОВ – БАЙЫРҚҰМ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

- Мынау қолымдағы көшет бұл жергілікті тұқымбақта өсірілген. Көктем айларында отырғызамыз. 1-2 жылдық көшеттер бұл. Жергілікті дәнедерн теріп арнайы  тұқымбақтарды дән сеуіп өсіреміз. 2 жылдан кейін арнайы дайындалған жерге апарып отырғызамыз. Мынаның көріп тұрғандай бойы 25 см.тамыры сапасы өте жақсы. Көктем айында отырғызатын себемізі көктемде жерде ылғал көп болады тамыры тез алады. Сондықтан дән сепкенге қарағанда тиімділеу.

 Жалпы бес жылда құмды алқапқа 10 миллион түп көшет отырғызу жоспарланған. Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне қарасты 1 миллион гектар алқаптың орманмен көмкерілген жер көлемі 700 мың гектарға жетпек.

БАҒДАТ ҚЫРЫҚБАЙҰЛЫ, БАЙЫРҚҰМ ОРМАНШЫЛҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ

- Байырқұм орманшылығы № 3 айналым. 31-32 кварталда жер дайындалып сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыт. 10 техника 40 адам. Сексеуіл көшеті қазылып арнайы тыңайытқышқа малынып алынып отырғызамыз.2021-2025 жылдарға арналған көшет отырғызу іс-шаралары бойынша мекемеде 41 мил 756 260 дана сексеуіл көшетін орман қоры жеріне отырғызу жоспарланып отыр.

Табиғат қорықшыларының сөзінше сектеуіл құм көшкінен сақтап қана қоймайды.Аң-құстың паналауына жағдай жасап жер құнарын арттырады. Сексеуіл орман алқабын кеңейгендіктен қызыл кітапқа енген  аң-құстарының да саны артыпты.Шөл даланың шырайы кіріп, табиғат қайта түлегендіктен экологиялық жағдайы жақсарып келеді дейді орманшылар.