Шымкентте әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қайырымдылық қоры жұмыс істеп жатыр. Аты да ерекше. «Шымкент – қайырымды қала». Қор қызметінің түрі әр қилы. Оның ішінде білім беру саласындағы жобаларды қолдау бар. Денсаулық сақтау, демеушілік, қайырымдылықпен де айналысады. Ел заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Коммерциялық емес ұйымның мүлкін заң актілеріне сәйкес ақшалай және өзге де нысандарда қалыптастыру көздері әр түрлі. Олар:
құрылтайшыдан түсімдер;
• ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
• заңнамада белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түсетін түсімдер (кіріс);
• акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
• заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер;
Қор ұжымы ақшаның тиімді мақсатта жұмсалатынына кепілдік берді.
Қорға түскен қаражат түгелдей халықтың игілігіне жұмсалады. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында еріктілермен де жұмыс істеуге әзір. Депутаттар да қалаға мұндай фонд керек деп отыр. Халық арасындағы көп мәселені шешуге мүдделі боларына сенеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, жастарды жұмыспен қамту, халыққа бағыт-бағдар көрсетумен де айналысамыз деді қор директоры. Ал қала әкімінің тапсырмасы бойынша, қордың ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы сайт та жұмыс істейді. Ол жерде іске асырылған жобаның қаражаты толық көрсетіледі.