Ел президентінің баспанаға мұқтаж жандарды қолжетімді пәтермен қамту бойынша берген тапсырмасынасәйкес үшінші мегаполисте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл шаһарда 239 мың шаршы метрді құрайтын 73 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланыпты. Оның екеуі Тұран шағынауданында, 38-і Бозарықта, 33-і Ақжайық шағынауданында салынады.  

4 көпқабатты тұрғын үй арендалық, 69 пәтер әр санат бойынша кезекте тұрған азаматтарға несиелік пәтер ретінде үлестіріледі.  Жауаптылар құрылысы жоспарланға 73 тұрғын үйдің 66-сы жыл соңына дейін қолданысқа берілетінін айтып отыр.  Айта кетейік, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтерді сатып алуға бюджеттен  22,7 миллиард теңге қарастаралыпты.  Биыл жұмыс істейтін жастарға 900, халықтың әлеуметтік осал тобына  364 пәтерді нарықтан сатып алу көзделіп отыр.