Шымкент пен Түркістан облысында балаларға Беларусиядан дәрігерлер кеп ота жасап жатыр. Бүлдіршіндер жүрек ақауының күрделі түрімен ауырады.  Мамандар жаңа әдісті қолдана отырып,  6 балаға операцияны сәтті  жасап шықты.  

 Шет елдік мамандардың қатысуымен өткізіліп жатқан шеберлік сыныбы облыстық балалар ауруханасының базасында ұйымдастарылған. Игі шара MUMKINDIK жобасы аясында BI -JULDIZAI корпоративтік қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен жасалған. Шеберлік сыныбы аясында апта басынан бері жүрек ахауына шалдыққан балаларға күрделі оталар жоспарланған. Операциядан кейінгі кезеңде анестезия және пациенттерді басқару ерекшеліктері бойынша жергілікті дәрігерлер тәжірибе жинақтады. Жасанды қан айналымын және  эхокардиография жүргізу бойынша кәсіби біліктіліктерін шыңдады.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты облыстық көпсалалы балалар ауруханасында   тәулік бойы жұмыс істейтін 422 төсек бар. Стационарды алмастыратын 50 жатын орны бар.  Жыл сайын ауруханада 18000-нан астам науқас емделеді.

 Ауруханада  18 төсектік балалар кардиохирургиялық бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Жүрек ахауына шалдыққан балларға жоғары маманданрылыған медициналық көмек көрсетіледі.  2014 жылдан бастап өңірде балалар кардиохирургиясы ашылған сәттен бастап ДПС жанынан 2864-тен астам ота, 2023 жылы 131 жүрекке ота жасалған.  Жасанды қан айналымы аппаратының көмегімен 105 жүрекке ашық ота жасалды, 2023 жылы бір жасқа дейінгі 109 балаға, 38 жаңа туған нәрестеге ота жасалды.