Шымкентте триатлоннан супер-спринт қашықтығы бойынша ҚР Чемпионаты басталды. 30-31 наурыз аралығына жоспарланған жарыста жалпы 10 команда, 148-ден астам спортшы бақ сынады.

 Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Тартысты сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан бөлек өзгеде облыс аймақтарынан  10 құрама команда қатысты. Үш спорттың түрінен өтетін жарыста, аттлеттер суда жузуде 1500 метр, велосипедте 40 км, сондай-ақ  10 км жүгіріп өтетін болады.  

Триатлон елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі.Мамандар  ELITE санатындағы «супер-спринт» қашықтығының мән-маңызына тоқталды.

Айта кетейік аталған жарыс  спортшыларды алдағы халықаралық тунирлерге іріктейтін жауапты сын болмақ.