Шымкентте есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік күдікті ұсталды. Көрші елдің 50 жастағы азаматына өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық іздеу жарияланған. Ол есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуден бой тасалап жүрген. Сондай-ақ, Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

 Шымкентте есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік күдікті ұсталды. Ер адамды Шымкент аумағында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Қазіргі таңда оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

ЖЕҢІЛ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП КЕТКЕН

Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. «Шұғыл шақырылым» бағдарламасы тілшісінің хабарлауынша, белгіленбеген орында әйелімен бірге жолды кесіп өтпек болған ер адамды көлік қаққан. Оқиға Бәйтереков көшесінде болған. Жаяу жүргінші есін жимастан жол апаты болған орында көз жұмды. Оның әйелі зардап шеккен жоқ.Куәгерлердің айтуынша, бұл көшеде бағдаршам оқиға орнынан небәрі 50 метр жерде орнатылған екен.