Шымкент қаласындағы Қажымұхан атындағы орталық стадион жанындағы  садақ ату  кешенінде Қазақстан кубогінің 1- кезеңі басталды. Спорттық жарыстың ашылу салатанатына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мергендер арасындағы жарыстардың Шымкент жерінде жиі өтуі жастардың садақ ату спортына деген қызығушылығын арттырып, саңлақ спортшыларымыздың шеберлігін шыңдайтынын айтты. Өйткені күні кеше ғана дәл осы кешенде Халықаралық Гран при аяқталды. Көп ел ашық алаңдағы жебе тартуға орала қойған жоқ.Сондықтан алыс жақын шет елдерден мергендер күш сынасты.

Қазақстан кубогы 3-кезеңнен тұрады. Содан кейін ақтық сайыстар өтеді. Кубок сайысына 10 өңірден 264 іріктеуден суырылып шыққан мергендер бағын сынайды. Ересектермен қатар жастар арасындада жеңімпаздар да анықталады.

Осы жарыстан соң әйелдер құрамасы мүшелері Түркия жерінде өтетін халықаралық турнирге аттанады. Сол құрама спортшылары жарыс барысында өз мықтылықтарын танытуы керек. Құрама сапында Шымкенттің шебер деген екі спортшысы бар атап айтқанда Алуа Мұхтарханова мен Диана Тұрсынбек атқан оқтан мүлт кетпесе Париж олимпиадасына жолдама алуы мүмкін. Ол үшін алдағы екі жарыста мүлт кетпеуі керек.


Ілияс Жолдас