Бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери психологтарымен оқу-әдістемелік жиынының алғашқы сабағы өтті. Үш күнге созылатын тәжірибелік сабақта мамандар қоғам дертіне айналған суицид, лудомания мәселелерін кеңінен талқылайтын болады
Жиынның негізгі мақсат-әскери психологтардың біліктілігін арттыру және практикалық дайындықтарын шыңдау. Шараға барлығы 20-дан астам жас психологтар қатысып, үш күн ішінде тәжірибелік сабақтар мен нұсқаушы мамандардан әдістемелік тапсырмалардан өтетін болады.
Психолог мамандарға сабақтарды Жастар ресурстық орталығының және М. Ауезов университетінің педагог-психологтары бірлескен түрде жүргізетін болады .Жыл сайын өткізілетін әдістемелік жиында мамандармен дәріс өткізіліп, психология ғылымындағы соңғы жаңалықтарымен таныстырды.
Айта кетейік, үш күнге созылатын әдістемелік жиын алдағы уақытта еліміздің өзгеде облыс аймақтарында өз жалғасын таба бермек.