Шымкенттік құтқарушылар су басқан аумақтағы операциясын жалғастырып жатыр. Стратегиялық іс-әрекетің арқасында олар форс-мажорлық жағдайлардың алдын алып отыр. Сонымен қатар, қалыпқа келтіру жұмыстарын жасап жатыр.
Ақмола облысының Аршалы ауданына қалыптасқан су тасқыны жағдайын жою үшін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы 5 бірлік техника,40 жеке құрам, 15 мотопомпа, 1 бірлік қайық жолданған болатын. Шымкенттік құтқарушылар Аршалы ауданы Жібек жолы, Қостомар, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында және Анар станциясында қар суын сору және жағаларды нығайту, сонымен қатар қаптарды инертті материалдармен толтырып, оны төтенше жағдай аумағына төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 4430 қап дайындап, 49210 текше метр су сорылды. Осылайша құтқарушылармыз 2 стратегиялық нысанды және 32 тұрғын үйді су басудың алдын алды.