Қала аумағында тазалық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан шараға атсалысып жатқандар қатары да көп. Тұран ауданы аумағында қазіргі таңда газон егу, көгалдандыру жұмыстары кек көлемде атқарылып жатыр. Игі іс жайлы толығырақ әріптесім айтады.

Бүкіл республикалық науқан басталғалы Шымшаһарда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары белең алды. Мегаполистің әр ауданында көшет отырғызу, көшелер мен арықтарды күл қоқыстардан тазалау жұмыстары жүруде. Тұран ауданына қарасты Малқаров көшесіне де 10 мың шаршы метр газон егіліп жатыр екен.

«Таза өлке» аталығы аясында аудан аумағында орталық магистралды көшелер мен аяқжолдар жуылып, тазалануда. Ағаштар ақталып, аялдамалар ретке келтірілуде. Тұрғындар жүріп жатқан тазалық акциясына дән риза.

 Айта кетейік, тазалық науқаны 5 аптаға созылады. Ал әр аптаның өзіндік тақырыбы мен мақсаты бар. Алғашқы жеті күн ішінде миллионды шаһар тұрғындары белсенділік танытуда. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалап жатыр.