Белгілі поэзия ақыны, жерлесіміз Әбілда Аймақ көзі тірі болғанда 70 жасқа келер еді. Қазақтың біртуар ақынының мерейтойын Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы кітапханада еске алу кеші өтті. Шараға ақынның замандастары, шәкірттері мен ұл-қыздары арнайы қатысты. Кеш өңірде қолға алынған Әбілда Аймақ апталығының 4-ші күнімен тұспа-тұс келді.
Әбілда Аймақ 1954 жылы 13-сәуірде туылған. Туған жері - қазіргі Ордабасы ауданы, Темірлан кентінің жанындағы «Ынталы» деген ауыл. Үш жасында анасы қайтыс болады. Әбілданы екінші анасының атына жазып, 3 класс оқып жүргенде метрике алыпты. Негізінде ол 1953 жылы 15 қарашада туылған. Кейінгі алған метрике бойынша 1954 жылы 13 сәуірде туылған болып келе жатыр. Шын аты - Абдолла.
Өмірі өлеңге айналған ақынның өміршең өлең-жыр шумақтары жұртшылық жүрегінде жатталып жүр. Ән болып шалқып-шарықтайтыны қуантады. Әбілда Аймақтың 70-ке жуық еңбегіне ән жазыған. Оны тыңдарманға ұсынып жүргендер осы кеште сол шығармаларды орындап берді.
Ақынның жанын ұғып, әрдайым қасынан табылып-қолғанат болған жандар бас қосты. Олар жастар үшін Әбілда Аймақтың талғамы биік шығармашылығы мен өмір жолын бірауық еске алып, айтып отыр. Ал шәкірттері ақын турыалы тың деректермен бөлісті.
йтып өтейік, 18 жасынан өлеңге қалам тартқан Әбілда Аймақ 22 жыл бойы облысымыздағы жазушылар одағын басқарды. Талай шәкірт тәрбиеледі. Бүгінге дейін оқырманындарына 17 кітап сыйлап үлгерген ақын 60 жасында өмірден озды. Бірақ қаламгердің кітап қазынасы мен қолтаңбасын жалғаушы жас толқын мұқалмақ емес, ақынның өзі іргетасын қалаған «Темірқазық» әдеби клубының жұмысын жандандырып келеді.