Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 885 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Жыл басынан бері 250 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Осылайша өнеркәсіптік өндіріс индексі 4,3%-ға артып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштер тағы да еселенері сөссіз. Оған индустиралды аймақтардың жұмысы оң серпін беріп отыр.

 Шымкенте 20 – ірі, 49 – орта және 816 – шағын өндірістерден құралған 4 индустиалды аймақ бар. Бүгінде «Тассай» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылған.

 «Жұлдыз» индустриялық аймағында инвестициялық құны 126,7 млрд теңге құрайтын, 3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 306 га құрайды.

«Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 га құрайды. Аймақта жалпы құны 27,1 млрд теңгені құрайтын 8 жоба орналастырылған. 2024 жылы 7 жобаны жүзеге асыру арқылы 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.