Балаңызды қалыпты әрі толық физикалық дамытамын десеңіз, сіз үшін сүйінші хабар! Шымкентте баланың ой-өрісін дамытуға арналған бірегей мекеме ашылды. «Galaxy logoped» балалар орталығы елімізде теңдесі жоқ заманауи құрылғылармен қамтылған. Ашылу салтанатына әріптесім де қатысып қайтты.
Бүгінде бала дамуына байланысты түрлі мәселе пайда болды. Сәбилердің ой-өрісінің жасына сай дамымауы, тілінің кеш шығуына қатысты сұрақ көп. Арнайы мекемелер мен кәсіби мамандарға да сұраныс артқан. Аталған проблемалармен күресіп, жоғары нәтижеге қол жеткізу мақсатында Шымкентте бірегей орталық жұмысын бастады.

 Баланың физикалық белсенділігін арттыру арқылы жасына сай денесі мен ойлау жүйесін дамытып, тұлғалық қалыптасу процесін ынталандыруға болады. Ол сыртқы жағдайларға бейімделуіне де зор ықпал етеді. Зат алмасуды жақсартып, буын қимылын түзейді. Ашылу салтанатына қатысқан дәрігер сондықтан да аталған орталықтың ерекше балалар үшін маңызы зор, - дейді.

«Galaxy logoped» орталығында бала үшін 20-дан аса қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, сәбидің қалыпты дамуы үшін емдік дене шынықтыру, логопед пен дефектолог, сурдо дефектологтың қызметін алуға болады. Сонымен бірге робототехника, құмыра жасау, құм терапиясы,  лэд терапиясы да бар. Балалар үшін массаждың барлық түрі, тіпті гидромассаж да қарастырылған.
Орталық мамандары 2 ай бойы Германияда білімін жетілдіріп, неміс технологиясын үйренген. Ал бала тілінің кеш шығуын емдеу үшін Санк-Петербургтен арнайы Нейропорт аппараты алыныпты. Бұл - Қазақстан бойынша жалғыз құрылғы екен. Нәтижесі 2 қабылдаудан-ақ біліне бастайды дейді, - мамандар. Айта кетейік, орталық бір күнде 60 балаға дейін қабылдауға қауқарлы. Ол үшін 25 үздік маман қызмет етеді. «Galaxy logoped» мекемесінің мекен-жайы: 8 наурыз көшесі 22 үй. Байланыс телефоны: +7 777 084 00 70