«Бастаңғы домбыра думан» дәл осындай атаумен қалалық Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында мәдени-танымдық шара өтті. Қазақ халқының  рухани  мұрасын ардақтау мақсатында ұйымдастырылған кеште өнерпаздар күмбірлеген қазақ күйлерін орындады.

Шарада домбырада күйлер тартылып аспап сүйемелдеуімен халық  әндері шырқалады. Жобаның бір ерекшелігі - аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез-келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу.

Мәдени кешке нөмірі екінші оқушылар сарайының домбыра үйірмесінің жеткіншектері де  белсенділік танытып атсалысты. Айтуынша домбыра аспабын  жүрегі қазақ деп соққан әрбір адам  шертіп білуі қажет дейді.

Елімізде  дәстүрлі ән өнері белгілі бір деңгейде насихатталып келеді. Алайда күй өнері кенжелеп қалуда дейді мамандар. Осы тұста көтерілген бұл жобаның мән-маңызы жоғары екендігіне де тоқталды.

Домбыра – халықтың жаны, даланың дауысы, үні шынайы. Бүгінде қазақтың киіз үйі, қара домбырасы және айтыс өнері әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде қала бермек.