Өткен жылы елімізде әлеуметтік желіден ақша тауып, табысты болып жүргендер салық төлеуге міндеттелгені жайлы заң күшіне енген еді. Бұл заң кімдерге бағытталған және қаншалықты  орындалып жүр?

Іске қосылған сәттінен бастап INSTAGRAM ең көп пайдаланушысы бар әлеуметтік желілердің біріне айналды. Бұл қолданбаны бір айда 2 млрд адам белсенді пайдаланады. Ал еліміздің цифрлық нарығында ең кең тараған әлеуметтік желіде 12,6 миллион қазақстандық қолданушы тіркелген. Бүгінгі таңда инстаграм қолданушыларының арасында атақты блогерлер мен көп оқырмандары бар «табысты» адамдар  қайырымдылық ұйымдастырумен де айналысып жүр. Халықтан жиналған бұл қаражаттың  кімге, не жағдайда берілетінін біреу білсе, біреу білмес. Ал бұл қаражаттан мемлекетке салық төленуі міндетті емес екен. Тек «күдікті қаражат жинау» байқалған жағдайда ғана салық басқармасы тексеріс жүргізеді.

 Сонымен қатар, аудиториясы үлкен блогерлер арасында жарнамаға сұраныс көп. Ол жарнаманың пайдалысы да, пайдаға жарамсызы да бар. Жарнамадан түскен пайда әлеуметтік желі жұлдызының табыс көзі болып есептеледі. Қаржы министірінің сөзінше блогер кәсіпкер болып тіркелген жағдайда ғана, бұл қаражаттан салық төленеді.

Енді инфлюенсерлерден әлеуметтік желілердегі жарнамаларды тәртіпке сай жасау талап етілетін болады, ал болашақта олар «жалған  жаңалықтарды» таратқаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін жауап беретін болады.