«Менің арманым». Дәл осындай атаумен Орталық Азия Инновациялық университетінде республикалық байқау өтті. Жастардың бизнес жобаларын қолдау мақсатында ұйымдастырлған шараға бас – аяғы 56 бизнес жоба ұсылған. Оның 17 үздік деп танылып финалға жолдама алып отыр.

Жұпаркүл Сатыбалдының арманы елімізге танымал кондитерлік брендті қалыптастыру. Адам ағзасына кері әсерін тигізбейтін тәттілерді дайындауда Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің студенті әлеуеті әлжуаз топтағы азаматтарды қамтуды көздеп отыр екен. Бизнес жоспары қолдау тапса, кәсібін бастап кетуге әзір.

 Осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің түкпір – түкпірінен 56 жас бағын сынауға үміт білдіріпті. Солардың  ішінде 17-і үздіктердің қатарынан көрініп отыр. Олардың бағыттары әртүрлі болғанымен, түпкі мақсаттары бір,  инновациялық қызметтерді қарқындату.

Жастарды кәсіпкерлікке тарту арқылы инновациялық қызметтерді қарқындатуды көздеген Орталық Азия Инновациялық университет ұжымы кәсіпкерлікті қолдау орталықтарымен үнемі байланыста. Бұл ретте, мамандармен кездесулер ұйымдастырылып, шеберлік сағаттары өткізіліп тұрады.

Байқау жеңімпаздарын қолдау мақсатында қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталады. Сондай – ақ, инвесторлардың өздері ұнатқан бизнес идеяларының іске асуына жәрдем беріп, жастарға дем бермек.