Шымкенттік еріктілер тал отырғызды. NEW WEVE экологияны қорғаушы волонтерлар ұйымы еліміз бойынша ұйымдастырылған. «Жасыл толқын» марафонын жалғады. Олар №46 мектеп-лицейінің ауласында сенбілік ұйымдастырып, жеміс көшеттерін екті. Іс-шараға әріптесім қатысып қайтқан еді.

NEW WEVE волонтерлар ұйымы еліміздің 8 қаласында «Жасыл толқын» марафонын ұйымдастырды. Марафон Шымкент қаласындағы №46 мектеп-лицейінде жалғасын тапты. Ерікті жастар мектеп ауласына 100 көшет отырғызды.  

Еріктілер ұйымдастырған марафон «Сәлем» әлеуметтік қалашығынан басталған болатын. Олар қалашық маңында 20 жеміс ағашын отырғызды. Ал «Жасыл толқын» марафоны аясында мектеп ауласына 20 алма, 20 шие, 10 алмұрт көшетін отырғызды.

Айта өтейік, NEW WEVE қоршаған ортаны қорғау клубын 2019 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрған. Еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейтін ұйымның қазіргі таңда 3000-нан аса мүшесі бар.