Елімізде көкжөтел жұқтырғандар көбейді. Қазақстанда былтыр бұл вирусты жұқтырудың 420  жағдайы тіркелсе, биылғы 3 айдағы көрсеткіш одан жоғары. Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп дабыл қағып отыр. Ал Шымкенттегі жағдай қалай? Мамандар не деп отыр?

 Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 392 оқиғасы тіркелген, оның 90 пайызы бес жасқа дейінгі балалар. Шымкенттің өзінде қазіргі дейін 17 адамнан аталған инфекция анықталған. Көкжөтел ауа тамшылары арқылы таралатындықтан және инфекция көзі – вакцинацияланбаған балалар.

  Көкжөтелдің белгілері тұмауға ұқсас: біріншіден, баланың мұрнынан су ағады, дене қызуы көтеріледі, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел күшейіп, пароксизмальды болады. Көкжөтел пневмония және мидың зақымдануы сияқты асқынуларға байланысты қауіпті. Оны емдеуге арналған арнайы препараттар жоқ. Мамандар 5 жасқа дейінгі балаларда жөтел байқалса, үй жағдайында емдемей, бірден дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Ең дұрысы – вакцина салдыру, - дейді.

Министрлік көкжөтел жұқтырғандардың көбеюі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланыстырып отыр. Вакцинация – инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы. Екпені тұрғылықты жеріңіздегі емханадан алуға болады. Балаларға үш рет вакцинация жасалады: екі, үш және төрт айда. Ревакцинация 1,5 жаста және алты жаста жүргізіледі. Қазақстанда екі жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін Францияда өндірілген вакциналар қолданылады.