Созақ аудандық сотында сотталған М.-ға қатысты айыппұл жазасын бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру туралы Кентау ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен берілген ұсыным қаралды. Шымкентте бөтеннің скутерін көтеріп ұрлап кеткендер ұсталды. Ұрлықтың ерекше тәсілі қаланың Әл-Фараби ауданының аумағында түнгі уақытта орын алды. Басына шлем киген үш белгісіз тұлға мотокөлікті тұрған орнынан қозғалта алмай, көтеріп алып кеткен.


Сотталған М. Созақ аудандық сотының 2023 жылғы 27 маусымдағы үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 368-бабы 2-бөлігі бойынша 18 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған болатын. Сот отырысында сотталғанның тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарғаны анықталды.Сондықтан сот, сот орындаушысының ұсынымын қанағаттандырды. Нәтижесінде, сот актісімен сотталғанға қатысты тағайындалған айыппұл жазасы – 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


ШЫМКЕНТТЕ БӨТЕННІҢ СКУТЕРІН КӨТЕРІП ҰРЛАП КЕТКЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Шымкентте бөтеннің скутерін көтеріп ұрлап кеткендер ұсталды. Ұрлықтың ерекше тәсілі қаланың Әл-Фараби ауданының аумағында түнгі уақытта орын алды. Басына шлем киген үш белгісіз тұлға мотокөлікті тұрған орнынан қозғалта алмай, көтеріп алып кеткен.Скутерін кафенің жанында қалдырған тұрғын, оның жоғалғанын біле салысымен дереу полицияға хабарлаған. Жәбірленушіге жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Күдіктілер екі тәулік ішінде қолға түсті. Олар 18 және 20 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты.Өзгенің скутеріне олар бұрыннан көз салып жүргендері анықталды. Ұрланған мотороллерді бөлшектеп үлгерген екен. Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу жүргізілуде.