Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 446 – 451 теңгеден саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 16 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 448,56 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,79 теңге.

 Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 451 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 448,3 – 450,3 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75 – 4,85 аралығында саудаланып жатыр.  Айта кетейік, 15 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге қымбаттап 448,52 теңге болған.