33 педогог жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Бұл фактіні қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева келтірді. Заңбұзушылықты ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті анықтапты. Білім саласындағы былық мұнымен бітпейді. Мектеп ғимараттарындағы медициналық кабинеттерді жалға беру фактілерде анықталған.

Бұл келтірілген фактілер 2023 жылы орын алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі саладағы біраз былықтың бетін ашқан.  Департамент  былтыр 33 педогогтың құжаты жалған екені анықтаған.

Қалалық білім басқармасының басшысы ресми түсетін арыз саны азайғанын айтады. Деседе өзінің ұялы телефонына хабарласып шағымын жткізетіндер  көп екен.   

Сонымен қатар мектептегі медициналық кабинетті дирекорлар денсаулық сақтау ұйымдарына жалға беріп отырған. Бұл бойынша қазігі таңда 53 директорға шара көрілді.

Елде ҚР Қылмыстық кодексiнің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасағандарға 2000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сонымен қатар 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.