Шымкентте инклюзивті балалармен жұмыс істейтін ұйым  көшбасшыларының форумы өтті. Республикалық форумды «MegaMi» кешенді терапия орталығы ұйымдастырған. Жиын «Психоневрологиялық дамуында тежелісі бар балаларды ерте жастан анықтап, жұмыс жасау» тақырыбында ұйымдастырылды.

Шымкентте алғаш рет «MegaMi» кешенді терапия орталығының ұйымдастыруымен Республикалық ауқымды мамандарға арналған форум ұйымдастырылды. Жиында сала мамандарының басын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасалды.

«Психоневрологиялық дамуында тежелісі бар балаларды ерте жастан анықтау және түзету-дамыту жұмыстары» тақырыбында өткен форум қатысушылары білімін жетілдірді. Спикерлер заманауи әдістерді меңгеру арқылы нәтижені жоғарылату жайы қозғалды.

 Форум еліміздің инклюзивті балалармен жұмыс істейтін ұйым  көшбасшыларын қамтыды. Осы саладағы аймақтардағы мамандар өз тәжірибесімен бөлісті.