Жыл соңына дейін Шымкенттегі Құрсай, Сайрам тұрғыналабтары 100 пайыз таза ауызсумен қамтылады. 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда сапалы электр қуатымен  81 елді мекен толық қамтылған. Қалада табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған.

Қалада 81 шағын ауданның 25-і кәріз жүйесімен қамтылған. 56-сы кезек күтіп тұр. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының7 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өскен.

2024-2025 жылдары   елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын  атқару жоспарланып отыр. Соның ішінде Асар-2 шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылдың қараша айында басталған. Қазіргі таңда, аталған мекен-жайда құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатымен қосылуға мүмкіндік алды.

Қалада көгілдір отынмен қамту, кәріз жүйелерін жаңғыртудан бөлек көшелерді жарықтандыру жұмыстары да жүйелі.