Көктем кезінде қора-жайларды залалсыздандыру аса маңызды. Осылайша, мал ауруларының алдын алуға дезинфекция жұмысы септігін тигізеді. Қала және қала маңындағы елдімекендерде кенеге және одан өзге де қауіпті мал ауруларына қатысты жыл да залалсыздандырылады. Десе де былтыр Шымкентте ұсақ малдан қауіпті ауру анықталған.

 Ветеринар мамандар  қала және қала аумағында малды эпизотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 13 түрлі жұқпалы ауру мен 29 түрлі диагоностикалық ауруға зерттеу жұмысын жүргізеді. Айта кетейік, Шымкентте тіркелген есеп бойынша, 20 мыңдай жылқы,  65 мың ірі қара, 75 мың уақ мал бар. Сонымен бірге 3 мың шошқа тіркелген.  Алайда нақты есеп бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін, - дейді бөлім басшысы. Себебі тұрғындар кей жағдайда сырттан әкелген мал туралы ақпаратты ветеринарларға хабарламайды. Соның да кесірінен, мал арасында жұқпалы ауру тарауы мүмкін.