Қала символы саналатын қызғалдақтар гүлдеп, шаһардың көркін ашты. Қала тұрғындары көктемнің келгенін қызылды-жасылды жайқалған өсімдіктерден байқадық десті. Қазір мамандардың басты назарында – қаланың кіреберіс қақпалары. Түрлі-түсті гүлдерді көріп, әріптесім көше аралап келген еді. Әсерін білсек.

Голландық сұрыптағы түрлі түсті гүлдер әуежайдан бастап вокзал аумағында да жайқалып тұр. Қалаға кірген адам да, шыққан жан да көздің жауын алатын әсем гүлді тамашалай алады. Орталық көшелер мен саябақтар да көктемнің көрінісінен куә беріп тұр.

Қала тұрғындары да шаһар көрінісінің өзгергенін бірден байқапты. Ауа тазарып, эстетикалық сұлулық пайда болған десті.

 Гүлді жұлып, айыппұл арқалап жатқандар бар. Бірақ, шаһарда жайқалған бұл өсімдіктер қызыл кітапқа енбеген. Сондықтан, жұлғаны үшін айыппұл салынбаса да, терудің қажеті жоқ. Бұл әрекет ұсақ бұзақылыққа бағалануы мүмкін. Ал халықтың өзі мұндай әдемілікті жұлуға қол бармайды деп отыр.